Қазақстан халықтарының бірлігі күні Торайғыров университеті білім беру көрмесіне қатысты. 

Шараға облыс басшысы Асайын Байханов қатысты. Шара жүзге жуық ұлт өкілі тату-тәтті тұратын, дінаралық және ұлтаралық келісім дәріптелген күні ұйымдастырылды. 

- Әлем тарихы этникааралық толеранттылықтың болмауы салдарынан болып жатқан қайғылы оқиғаларға толы. Біз ұлттық бірлік халқымыз бен ел дамуының кепілі екенін түсінеміз. Мереке күні баршаңызға бейбітшілік,  зор денсаулық және молшылық тілеймін! Ынтымақтастығымыз мықты болсын, ал Қазақстан мен Павлодар облысы атты ортақ үйіміз гүлдене берсін! – деп атап өтті аймақ басшысы.