Торайғыров университетінде республикалық Students media forum басталды. Медиа шараға еліміздің 15-ке жуық жоғары оқу орындарының студенттері келді. Бүгін студенттер PR-стратег, коммуникациялар бойынша жаттықтырушы  Ақерке Берлібай сияқты спикерлерді тыңдады. Ол 2023 жылы медиа және коммуникация трендтері туралы айтты. Сондай-ақ, «KazMediaNetwork» қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақтыгүл Бурбаева сөз сөйлеп, зиянды медиа әдеттер туралы айтып берді, сондай-ақ Павлодар облысы бойынша «ASTANA TV» телеарнасының өз тілшісі, ақын Өзгеріс Қуанардың сөзін тыңдады.

- Сіздердің көпшілігіңіз Павлодарда журналистиканың ең мықты мектептерінің бірі бар екенін білетін шығарсыздар. Біздің өңірден шыққан бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлері көбінесе республикалық деңгейде және елімізден тыс жерлерде табысқа жетіп жүр. Біз әрқашан бұқаралық ақпарат құралдарында, азаматтық журналистикада және блогингте лайықты жұмыс істейтін нағыз мамандарды тәрбиеледік. Сондықтан біз осы дәстүрлерді жалғастыруымыз керек деп шештік, - деп атап өтті ЖОО ректоры Еркін Садықов.

Сондай-ақ, балаларды ToU Arbat Open mic, КВН  күтіп тұрды, сонымен қатар студенттік филармонияның концерттік бағдарламасы, ұтыс ойыны және дискотека болды.