Торайғыров университетінде педагогикалық еңбек ардагері, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Тәжібай Шаймерденовтің 95 жылдығына арналған «Білім беру жүйесіндегі жаңа инновациялық технологиялар» атты республикалық ғылыми конференция өтті.

Пленарлық отырыста ToU ректоры Еркін Садықов құттықтау сөз сөйледі. «Өмірінің 70 жылдан астам уақытын Тәжібай Шаймерденов педагогикалық қызметке арнады. Облыстық халыққа білім беру бөлімінің басшысы бола отырып, әрқашан жаңа нәрсеге ұмтылды. Оның инновациялық идеялары біздің еліміздегі тәрбиешілердің бірнеше буынын шабыттандырды. Ол өзінің миссиясына - Қазақстандағы білім беру жүйесін дамытуға шын жүректен сенді және өз ізбасарлары үшін беделді болды», – деп атап өтті Еркін Тоқмұхамедұлы. Білім беру саласына қосқан үлесі үшін Т.Р. Шаймерденов екі Еңбек Қызыл Ту орденімен, бес КСРО медалімен, үш рет Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мұғалімі, сондай-ақ Павлодар облысының Құрметті азаматы болып табылады. Конференция білім берудің барлық салаларында өз идеяларымен, зерттеу нәтижелерімен және практикалық тәжірибелерімен бөлісе алатын ғалымдарға, зерттеушілер мен практиктерге арналған алаң ұсынды.