Торайғыров университетінің студенттері Шығыс дивизионында Қазақстанның 5 жоғары оқу орны арасында үстел теннисінен өткен турнирде 1 орын алды.

Студенттер лигасының қорытындысы бойынша университеттің ұлдары "алтын", ал қыздары "қола" жеңіп алды. Жалпы командалық есепте ToU Шығыс дивизионында тұғырдың жоғарғы сатысына көтерілді.

Үстел теннисінен университеттің  құрамасына Азиз Файзуллин  (МГД-302), Арман Төлегенов (ТЭ-102), Рустам Ахметов (Физ-401), Наталья Опарина (Пс-102), Диляра Кайлаш (ТТ-202) және Бақытгүл Мусина (Фил(қ)-201) кірді.