Торайғыров университетінің  Жоғары колледжінде арнайы пәндер онкүндігі аяқталды.



Оқытушылар Әлия Қарабаева, Елена Коренева, Клара Аукенова, Орынтай Қалиева және Әділет Сейтахметовтың жетекшілігімен балалар үшін бейіндік олимпиада, ашық сабақтар және презентацияларды қорғау өтті. Сондай-ақ, болашақ құрылысшылар интеллектуалды ойын мен "басқатырғышты жина" квестінде біліммен жарысып, кәсіби шеберлік дағдыларын шыңдады.

"Дөңгелек үстел" аясында "Азия Строй ПВ" ЖШС құрылыс фирмасының басшысы Павел Пышков өз фирмасының қызметі, жұмысқа орналасуы және бос жұмыс орындары туралы айтып берді. Іс-шара соңында "Мен өз мамандығымның үздігімін" атты қысқаметражды бейнероликтер байқауы өтті.