Торайғыров университетінде Ұлттық статистика бюросы мамандарымен кездесу өтті. Шара "Статистика - қолданушыға" атты ашық есік күніне орайластырылды.

Сарапшылар сайт туралы және статистикалық ақпараттың қолжетімділігі туралы айтып берді. Сайтты пайдалана отырып,  білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамту, баға саясаты және өзге де салаларға қатысты мәлімет алуға болады.

Сенімді ресурстың ашық болуы зерттеу және сараптама жұмыстарымен айналысатын оқытушылар мен студенттерге көмегін тигізері анық.