Торайғыров университетінің студенті Польшада өткен спорттық акробатикадан халықаралық чемпионатта бірінші орын алды. 

 

Қазақстан құрамасы сапында Айсұлтан Сағынбек ағасы Назар Жантасовпен бірге өнер көрсетті. Олар Польшаның Жешув қаласында өткен Халықаралық Acro Cup спорттық акробатика турнирінде ел намысын қорғады.

Айсұлтан инженерия факультетінде оқиды және Қазақстан Республикасының спорт шебері атағына ие.