Торайғыров университетінің қызметкерлері тыл еңбеккерлері мен еңбек ардагерлерін құттықтады.

Қаратай Құрманов пен Рафаэль Вахитов қарттығына  қарамастан, жарқын әңгіме құрды. Естеліктерімен бөлісті.

Қаратай Жүсіпұлы университетте 1964 жылдан бері еңбек етіп, құрылыс саласы мамандарының бір шоғырын тәрбиеледі. Ал ҚазКСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Вахитовтың құрметіне "В движении" кітабы жарық көрді  Қазіргі уақытта музей экспозициясын ашуға дайындық жүргізілуде.