Павлодар облысындағы Ауған соғысы мен локальды соғыс ардагерлері Торайғыров университетінің студенттерімен кездесті.

Ардагерлер қордың қоғамдық жұмысы туралы айтып, жастардың бейбітшілікті сақтауға атсалысу керектігі туралы ой қозғады. Сонымен қатар, жас буын өкілдері Отанды қорғауға әрдайым дайын болу керек деген пікір білдірді.  

Торайғыров университетінің ректоры Еркін Садықов өздерінің интернационалды борышын өтеген ардагерлердің кәсібилігі мен ерлігін тілге тиек етті. « Бұл соғыс әр отбасыға әсер еткенін білемін. Қиын сынақтан өткен кезде сіздер қоғам өмірі мен жастар тәрбиесінде маңызды іс атқарудасыздар. Бұл іс аса маңызды".

Бүгінде интернационалист-ардагерлер Ауғанстанда қайтыс болғандардың отбасыларына, соғыс мүгедектеріне көмектеседі, сонымен қатар, мектептерде ерлік сабақтарын ұйымдастырады.