Торайғыров университеті«Computer Science» факультетінің екінші курс студенті Дина Афанасьева «WorldSkills Asia Online Friendly Skills Games 2021» халықаралық байқауында  «Веб-дизайн және әзірлемелер» бағыты бойынша бірінші орынға ие болды.

Жарыс осы жылдың 27 маусым 1 тамыз аралығында онлайн форматында өтті. Студент Корея, Ресей, Таиланд, Қытай және Белорусь елдерінің қатысушыларын жеңді.

Еске сала кетсек, 2019 жылы Динара байқаудың еуразиялық кезеңінің жеңімпазы атанды. Жарыс Ресейде өтті. Сол сәтте ақтық мәре әлемдегі ең ірі жоба болды. Қашықтықтан және күндізгі форматта өтті.

«Computer Science» факультеті Динаны жеңісімен құттықтап, биік белестерді бағындыруды тілейді.

ToU – жаңа жеңістерге жету үшін бар жағдай жасалған аумақ.