Торайғыров университетінің қабырғасында «Альянс» инста-сериалының түсірілімі басталды.

Алғашқы сериялар тамыздың басында көрсетіледі.

Фильмнің сценарий авторы, режиссер Дәурен Шәріпов үшін бұл дебюттік жоба.

- Сериал түсіру идеясы өткен жылдың күзінде келді. Павлодар қаласы мен Қазақстандағы өзге инста-сериалдардан шабыт алдым. «Любовь на районе», «Братишки» сериалдары бар, - дейді Дәурен. - Бұл сериалға студенттер түседі. Әртістер, сценаристер мен режиссерлер - барлығы студенттер. Палводардағы киноның дамуына үлесімді қосқым келеді. Біз қарапайым студенттердің өмірі мен қаламызды көрсеткіміз келеді.

Кинодағы дәстүр бойынша түсірілімнің алғашқы күні тарелка сындырылады. Түсірілімдер 11 тамызда басталады.