ToU Youth

ЖАСТАР САЯСАТЫ

Университеттегі жастар саясатының негізгі мақсаты - жастардың өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасау, олардың бастамаларын қолдау, сондай-ақ студенттерді әлеуметтік, мәдени, ғылыми және қоғамдық өмірге тарту.

Университет жанында Жастар саясаты және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент жұмыс істейді, ол жастармен жұмыстың барлық бағыттарын үйлестіріп, студенттік жобаларға қолдау көрсетеді, сондай-ақ сыртқы ұйымдармен және мемлекеттік құрылымдармен ынтымақтастықта жұмыс жүргізеді.

Жастардың әлеуметтік белсенділігі - бұл студенттердің қоғамдық өмірге, еріктілер қозғалысына, студенттік өзін-өзі басқаруға, мәдени және қайырымдылық жобаларына қатысуы.

Университетте жастардың өзінің hard және soft skills дамытуы үшін барлық жағдай жасалған. Торайғыров университеті белсенді, бастамашыл және жауапты жастарды тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі.

ТОРАЙҒЫРОВ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТІК ПАРЛАМЕНТІ

Мақсаттары:

  • Студенттердің әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау және дамыту;
  • Студенттік өмір дәстүрлерін сақтау және жалғастыру;
  • Азаматтық ұстаным қалыптасуына ықпал ету;
  • Жастарды өзін-өзі басқаруға, көшбасшылыққа және жан-жақты дамуға ынталандыру;
  • Университеттің жастар ұйымдарының жұмысын үйлестіру және бақылау;
  • Жастар саясатын іске асыру және оны жүзеге асырудың тиімді тетіктерін әзірлеу;
  • Қоғамдық маңызды жастар жобалары мен бастамаларын іске асыруға қатысу;
  • Студенттердің бос уақытын ұйымдастыру және салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Жастарға арналған білім беру форумдарына, конкурстарға және әлеуметтік жобаларға қатысу.
Дебатный клуб

«PRESIDENT» ДЕБАТ КЛУБЫ

Мақсаттары:

  • Жастардың зияткерлік және шығармашылық әлеуетін ашуға бағытталған студенттік бастамаларды қолдау;
  • Дебат қозғалысын дамыту;
  • Жастардың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру;
  • Жастардың жүрегінде отансүйгіштік сезімін дамыту;
  • Жастарды қоғамдық қызметке дайындау;
  • Жастардың мәдени дамуына ықпал ету;
  • Шешендік қабілеттерді қалыптастыру және дамыту.
LaVie ДОБРО

«LaVie ДОБРО» ВОЛОНТЕРЛІК ҰЙЫМЫ

Мақсаттары:

  • Жастар мен қала тұрғындары арасында мейірімділік пен өзара көмек құндылықтарын насихаттау;
  • Бір-біріне қолдау көрсетуге және өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарға көмектесуге дайын белсенді азаматтар қоғамдастарын құру;
  • Қоғамдық маңызы бар жобаларға қатысу арқылы азаматтық жауапкершілік пен бастамашылықты дамыту;
  • Жергілікті әлеуметтік мәселелерді шешуге үлес қосу - балаларға, қарттарға, аз қамтылған отбасыларға және басқа да мұқтаж жандарға көмек көрсету;
  • Қоғамда құрмет, қамқорлық және мейірімділік мәдениетін қалыптастыру.
ENACTUS

«ENACTUS»

Мақсаты:

Қоғамдағы оң өзгерістерге және тұрақты дамуға ықпал етуге бағытталған әлеуметтік және бизнес-жобаларды іске асыру арқылы студенттердің көшбасшылық және кәсіпкерлік дағдыларын қалыптастыру.

Негізгі міндеттері:

  • 1. Студенттердің бойында көшбасшылық қасиеттер мен коммуникативті дағдыларды (soft skills) қалыптастыру;
  • 2. Әлеуметтік әсері бар жобаларды іске асыру;
  • 3. Бизнес, білім және қоғамның тұтастығы;
  • 4. Тұрақты дамуды қолдау.
ӨНЕР

«ӨНЕР»

Мақсаты:

Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың жеке және кәсіби қасиеттерін жетілдіру, сондай-ақ университетте мәдени орта қалыптастыру үшін жағдай жасау.

Ұйым түрлі мәдени және білім беру іс-шараларын өткізеді, студенттердің бойында көшбасшылық қасиеттерді, жауапкершілікті және командалық жұмыс дағдыларын дамытуға ықпал етеді.

Сонымен қатар, университетте өнер мен мәдениетті белсенді насихаттау үшін жағдай жасайды.

Комитет по делам молодежи

ЖАСТАР ІСІ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТ

Комитет студенттерді қолдаумен және дамытумен айналысады, мәдени, спорттық және білім беру іс-шараларын ұйымдастыру арқылы олардың өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді, шығармашылық белсенділіктерін дамытады, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастырады, әлеуметтік жауапкершілік пен салауатты өмір салтын ұстануды міндеттейді.

Мақсаты: жастардың дамуы мен өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдай жасау.

ЖАСТАР РУХЫ

«ЖАСТАР РУХЫ»

Мақсаты:

  • Жастардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту;
  • Белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру;
  • Жастарды қоғамдық-саяси өмірге тарту;
  • Университет ішіндегі студенттер бірлігін нығайту;
  • Отансүйгіштік сезімін арттыру және ұлттық құндылықтарды дәріптеу.

Міндеттері:

  • Студенттік бастамаларды қолдау және жобаларды жүзеге асыру үшін жағдай жасау;
  • Әлеуметтік, мәдени, спорттық және қайырымдылық іс-шараларын ұйымдастыру;
  • Жастар арасында еріктілер қозғалысын дамыту;
  • Мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау және қолдау;
  • Көшбасшылық қасиеттерді жетілдіру және студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту;
  • Жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғау.
Радио TOU FM

«TOU FM» радиосы

TOU FM радиосы - бұл студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың журналистикаға, радио жүргізуге, дикторлық өнерге және медиа саласына деген қызығушылығын арттыру мақсатында құрылған студенттік медиа ұйым.

Ұйым университет өміріндегі маңызды оқиғаларды, мәдени және спорттық іс-шараларды, жастардың бастамаларын жариялап тұрады.

Сонымен қатар, ол студенттерге ортақ алаңда өз пікірлерін еркін білдіруге және идеяларымен бөлісуге мүмкіндік береді.

Мақсаттары:

  • Студенттер арасында ақпарат алмасу және пікір алмасу үшін жағдай жасау;
  • Университет беделін және жастардың белсендіру;
  • Журналистика және медиа саласындағы дағдыларды дамыту үшін тәжірибелік алаң қалыптастыру;
  • Студенттердің шығармашылық және көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
Альянс студентов Казахстана

ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНІҢ АЛЬЯНСЫ

Қазақстан Студенттерінің Альянсы - бұл елдегі студент жастардың құқықтары мен мүдделерін қорғайтын қоғамдық ұйым.

Мақсаты:

Студенттердің құқықтарын қорғау, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту және жастардың қоғамдық белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

  • Студенттердің құқықтарын қорғау;
  • Жастарды қоғамдық өмірге тарту;
  • Білім беру сапасын арттыру бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Салауатты өмір салтын насихаттау;
  • Көшбасшылық қасиеттерді дамыту;
  • Отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Мурагер

«МҰРАГЕР»

Мақсаттары:

  • Шығармашылықты дамыту - студенттердің актерлік шеберлігін, сахна мәдениетін және сөйлеу мәнерін жетілдіру;
  • Эстетикалық тәрбие — өнер арқылы көрермендер мен қатысушылардың көркемдік талғамын арттыру;
  • Рухани-мәдени құндылықтарды насихаттау — ұлттық мәдениетті, тіл мен дәстүрді дәріптеу, классикалық және заманауи шығармаларды сахналау;
  • Командалық жұмысты қалыптастыру - ұйымшылдық пен бірлескен қызмет дағдыларын дамыту.

Міндеттері:

  • Студенттердің шығармашылық қабілеттерін ашуға жағдай жасау;
  • Сахна мәдениеті мен актерлік шеберліктің дамуына ықпал ету;
  • Ұлттық құндылықтарды, тіл мен дәстүрді насихаттау;
  • Студенттердің бос уақытын мәдени-шығармашылық арнаға бағыттау;
  • Университеттің мәдени өмірін жандандыруға үлес қосу;
  • Әртүрлі шығармашылық байқаулар мен фестивальдерге қатысу.
SDMC

«SDMC» Тұлғалық даму

Мақсаттары:

SDMC ұйымының негізгі мақсаты – студент жастардың тұлғалық, кәсіби және көшбасшылық қабілеттерін дамыту, олардың өзін-өзі жетілдіруін қолдау және өмірлік дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

  • Студенттердің жеке тұлғалық дамуына жағдай жасау;
  • Көшбасшылық, ұйымдастырушылық және коммуникативтік дағдыларын дамыту;
  • Студенттердің кәсіби және шығармашылық әлеуетін арттыруға арналған тренингтер, семинарлар және шеберлік сабақтарын ұйымдастыру;
  • Мотивациялық, психологиялық және дамытушы бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • Жастарды өзін-өзі жетілдіруге және әлеуметтік белсенділікке ынталандыру;
  • Университет/колледж ішінде және сыртында тұлғалық дамуға бағытталған іс-шаралар өткізу;
  • Жастардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және пайдалы әдеттерді қалыптастыру.

КАМПУСТАР СТУДЕНТТІК КЕҢЕСІ

Мақсаттары:

Жатақханадағы студенттік кеңестің негізгі мақсаты – студенттердің жатақханадағы тұрмыс-тіршілігін ұйымдастыруға қатысу, қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру және студенттердің әлеуметтік белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

  • Жатақханадағы тәртіп пен ішкі ережелердің сақталуына ықпал ету;
  • Студенттердің ұсыныс-пікірлерін жинақтап, әкімшілікке жеткізу;
  • Жатақханада тұратын студенттердің құқықтары мен мүдделерін қорғау;
  • Мәдени, тәрбиелік және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру;
  • Тазалық, қауіпсіздік және өзара сыйластық мәдениетін қалыптастыру;
  • Жатақхана активін үйлестіру және студенттердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру; жаңа қоныстанған студенттердің бейімделуіне қолдау көрсету.

Студенттік сенаторлар

НАО «Торайғыров университеті» студенттік сенаторлары – университеттің креативті, мобильді және білімді жастарының әлеуметтік және инновациялық жобаларын жүзеге асырады.

Студенттер Сенатының мақсаты – университет әкімшілігімен өзара іс-қимылда студенттердің мүдделерін қорғау және ұсыну, университеттің оң имиджін жоғары оқу орындары арасында, мемлекеттік және халықаралық деңгейде қалыптастыруға және нығайтуға ықпал ету, қоғамдық өмір саласында жүйелі қызмет пен іс-шараларды ұйымдастыру, студенттердің ішкі әлеуетін ашу және басқарушылық құзыреттіліктерін дамыту, білім беру процесінің тиімділігін арттыру, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ факультеттік және жалпыуниверситеттік деңгейде студенттік өзін-өзі басқару тетіктерін жетілдіру.

Бастамаңыз бар ма?

Идеяларыңыз бен жобаларыңызды жүзеге асыру үшін студенттер қауымдастығының төрағасымен байланысыңыз.

Төрағаға жазу
Студенттер қауымдастығының төрағасы
Ералы Нұрхан Нұрболұлы
+7(771) 974 01-35
Сенатор
Cүндет Динара Айтбайқызы
+7 (778) 849 25-42
Сенатор
Абдрахманова Жанар Калиаскаровна
+7 (771) 699 46-92
Сенатор
Ердәулет Бексұлтан Болатұлы
+7 (705) 912 50-24