С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ахуал орталығы, студенттік конструкттрлық бюро және FRONT OFFICE ашылды.

Ахуал орталығы нақты деректерге сүйеніп, ақпараттық жемқорлықпен күреседі және университеттің барлық бизнес-үрдістерін ұсынады.

Жүйенің құрамында электронды құжат айналымы, ақпараттық жүйе және қолжетімділік есебі мен бақылау бар. Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі.

Студенттік конструкторлық бюро - студенттердің ілкімді жобаларын жүзеге асыру аумағы. Идея, дизайн, жүзеге асыру қағидатын ұстанады.

Интерьерлердің дизайны дәне сәулеттік жобалау университет кафедраларын жөндеу бойынша жобаларды жүзеге асырады. Алғашқы жоба толық жасалды және "Электротехника және автоматтандыру" кафедрасы тарапынан мақұлданды.

Ал кезекте тұруды ұнатпайтындар үшін FPONT OFFICE ашылды. Кеңсе оқу-білім беру қызметтері "бір терезе" қағидаты бойынша ұсынылады. Енді студенттер уақыт үнемдеп, қажет құжаттарын тез алу мүмкіндігіне ие.

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру туралы білім министрі Асхат Аймағамбетов жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша Жобалық кеңсе құру бастамасы туралы айтқанда әңгіме қозғаған болатын.