ПМУ студенттері Артур және Рената Шпехттер Шарбақты ауданындағы «Победа» ЖШС-де дипломалды тәжірибеден өтіп, осы жерде тұраұтаған.

Екеуі де қала тұрғындары болғанына қарамастан, ауылда өмір сұріп жатқандарына екі жыл болыпты. Рената – Семей қаласыың тумасы, ал Артур – павлодарлық. Жоғары оқу орнында екеуі бір топта оқып, дипломалды тәжірибесін де бірге өткізген.

«Тәжірибеден соң жастардан ауылда қалғысы келетіндерін білдім. Осы сәтте біз үйдің құрылысын аяқтап жаттық. Егер қалса, баспанамен қамтитынымды айттым, 28 тамызда екі жас үйленіп, үй кілтін алды», - деп еске алды «Победа» ЖШС-нің директоры Александр Поляков.

Жастардың айтуынша, ауылдың болашағы бұлыңғр деген қате пікір. Керісіше, мамандар кәсіби тұрғыдан өсу мүмкіндігіне ие.

Осы аптада Артур аграрлық экономика бойынша білім алу үшін Германияға аттанады.

Жастар әр демалыс сайын Павлодарға барып тұрады. Бірақ, ауылда еңбек етеді.