С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде білім күніне арналған салтанатты шара өтті.

Ректор м.а, э.ғ.к. Мейрам Бегентаев пен т.ғ.к. профессор Бари Жанахутдинов жиналғандар алдында сөз алды.

Бірінші курс студенттерін құттықтауға "Мисс Қазақстан" титулының иегері, ПМУ студенті Мадина Батык, KFC-rap баттлының жеңімпазы Рустам Жангужинов та келді.

Ресми құттықтаулардан бөлек студенттік өзін өзі басқару шеңберінде ерекше концерттік бағдарлама ұсынылды.

Осылайша, «Samiyan» тобы Әнұранды жанлы дауыспен орындаса, бас оқу қорпусының төбесінде «BroadWay» рок тобының концерті өтті. Музыканттар танымал шетелдік рок хиттерді орындады.

Сонымен қатар, «Tor» электробайкы басқарған байктер шеруі өтті.

Шара «Адалдық сағаты» дәріс алаңдарында да жалғасын тапты.