С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ректорының блогына бұрынғы Павлодар индустриалды институты механикалық-технологиялық факультетінің 1987 жылғы түлектері өздерін университет түлектерінің тізіміне енгізу туралы өтініш қалдырды.

«Қолымызға танысу үшін ПМУ-дің 45 жылдығына орай шығарылған 1965-2005 жылғы түлектердің жинағы (реестр) түсті. Өкінішке орай, бұл тізімнен өзіміздің аты-жөндерімізді таба алмадық. Бұл мәселе 1987 жылғы механикалық-технологиялық факультеті түлектеріне қатысты», - деп жазылған блогта.

Мәселені шешу үшін С. Торайғыров атындағы ПМУ ректорының м.а. э.ғ.д. Мейрам Бегентаев бұрынғы студенттермен кездесті. Енді олардың аты-жөндері универчитеттің 60 жылдығына орай шығарылатын келесі жинаққа енетін болды.

Айта кетейік, 1962-1987 жылдар аралығында машина жасау саласының мамандарын екі факультет даярлады. Атап атйқанда, машина жасау және механикалық-технологиялық. 1987 жылдың қыркүйегінде екі факультет біріктірілді.