15 тамыз күні С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында білімдерін тәмамдаған студенттер Отан алдында ант берді.
Шараға 170 студент қатысты. Олардың қатарында нәзік жандылар да болды.
Студенттердің қуанышына ортақтасқандардың қатарында университеттің ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, б.ғ.д., профессор Нұрлан Ержанов, ата-аналар, ҚР Қарулы күштер ардагерілері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері болды.
Айта кетейік, білім алушылардың қатарынан көріну оңай емес. Жастар қатаң іріктеуден өткен.
Әскери кафедраның бастығы, полковник Болат Токиннің айтуынша, оқуға ниет кетендер көп болған. Алайда, денсаулық жағдайы мен физикалық дайындығына орай іріктеуден сүрініп қалған.
Байқау үш кезең бойынша өтті. Біріншісі - медициналық куәландыру. Екіншісі - кәсіби-психологиялық тестілеу, сабырлығы, сыни және логикалық ойлау, ынталығын бағалау. Үшінші - физикалық дайындығының деңгейін тексеру.
Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы екі жылға шақталған. Қорытынды емтиханнан соң студенттер алғашқы офицерлік шен - запастағы лейтенант атанады.
Екі жыл ішінде студенттер әскери пәндерді, ҚР Қарулы күштерінің жарғыларын меңгерді. Саптық дайындықпен айналысты. Соңғы аптада олар Шығыс Қазақстан облысындағы «Шығыс» полигонындағы жиындарға қатысып, теориялық және тәжірибелік білімдерін молайтты.
Болашақ офицерлер екі имамандық бойынша білім алды: аумақтық қорғанысты ұйымдастыру және жалпыәскери құрылымдар мен бөлімдерін әскери қолдану.
Салтанатты шара барысында әскери кафедра түлектері қолма-қол шайқас, қаруды қолдану бойынша арнайы дайындықтарын паш етті. Арнайы ұйымдастырылған концерт барысында әскери-патриоттық әндер шырқалды.