С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Тарихтың қайғылы беттері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Шараны Қазақстан халқы Ассемблеясы кафедрасы ұйымдастырды. Дөңгелек үстелдің жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы бірлестіктердің өкілдері, ғалым-сарапшылар, магистранттар мен университет студенттері қатысты.

Депортацияланған халықтар тарихына арналған баяндаманы т.ғ.д. профессор Сәуле Мамытова, ф.ғ.к, профессор Амантай Құдабаев жасап, Ассамблеяның мемлекет өміріндегі роліне тоқталды. ПМПУ-нің аға оқытушысы Гүлнар Тоқметова күштеп қоныс аударған халықтардың Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске жету жолындағы үлесі жайында әңгімеледі.

Шараны қорытнылай келе қатысушылар репрессияға Кеңес Одағының көптеген ұлттары ұшыраған деген пікірге келді. Бүгінгі күннің мақсаты - репрессияланған азаматтарды еске алу. Себебі, жас ұрпақ мемлекеттегі бейбіт өмірді бағалай білу керек.

Дөңгелек үстел барысында «Өткенді еске алайық» атты кітаптап көрмесі ұйымдастырылды. Шара соңында резолюция қабылданды.