ПМУ қабырғасында онлайн медицинаға арналған хакатон шарасы өтті.

Шараны Павлодар облыстық индустриалды-инновациялық даму басқармасы С. Торайғыров атындағы ПМУ-мен бірлесіп ұйымдастырды.

48 сағаттық марафонға 70-ден астам оқушы қатысты. Жастар дәрігерлер мен пациенттер тіркеле алатын мобильдік қосымшалар мен сайттарды жасау бойынша жобаларын жүзеге асырды. Марафон қорытынысы бойынша преспективалы жобалар анықталды.

Үшінші орынға «Kapture» командасы ие болды. «Доко-Доко» командасы екінші орын тұғырынан көрініп, ал «Qaqathon» тобы жеңімпаз атанды.

Үздік жоба туралы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Тұрлыхан Тоқтағанов айтып берді.

- Тұтынушылар өз дәрігерімен арнайы чаттың көмегімен байланысқа шыға алады. Қосымшада видеоқоңырау да қарастырылған, нәтижесінде дәрігер сырқатпен тікелей сөйлесе алады.

Хакатон жеңімпаздарына смартфондар, планшеттер мен ноустбуктер тарту етілді.