С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына орай кеңейтілген отырыс өтті. Мақалада қарастырылған жобалар «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы болып табылады.

Мақалада Президент Ұлы көшпелі мәдениет пен оның қазақ халқының әлемдік өркениеттегі рөліне баса назар аударады. Нақтырақ айтқанда, мәдени жетістктер, Ұлы даланың көне металлургиясы, Ұлы даланың Ұлы есімдері, түркі әлемінің генезисі бүгінгі мықты еліміздің қалыптасуына сеп болды.

Мақаланы талқылау шарасына аймақтағы жоғары оқу орындарының өкілдері, ғалымдар, тарихшылар, сарапшар мен саясаттанушылар қатысты.

С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова өз сөзінде «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы көп жылдар бойы отандық және шетелдік зерттеушілердің атсалысуымен қалыптасқан тарихи айғақтар негізінде тереңнен зерттеуге негіз болу керектігін айтты.

«Уақыт пен кеңестік сияқты негізгі дүниетанымдық категориялар бар. Олар көшпелілер мәдениетінде маңызды орынға ие. Бұл көшпелі халықтың экономикасы, материалдық мәдениеті, өнері мен әскери ісінің қарқынды дамуына әсер етті. Бұның барлығы мақалада көрініс тапты. Мақала қазақ-түрік халықтарын зерттеушілер мен көшпенділер өкениетіне бет бұрған ғалымдарға серпіліс берері сөзсіз», - дейді Г. Ахметова.

Шараға қатысқан қауым «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жаңа компоненттері Қазақстанның бай мұрасын еске алумен қатар, бұл мұраны қазіргі заманда сұранысқа ие және өзекті етуге оң септігін тигізетінін алға тартты.

Ғылыми жаңалықтар мен археологиялық қазба жұмыстары туралы Ә.Х. Марғұлан атындағы бірлескен археологиялық ғылыми-зерттеу орталығының директоры, т.ғ.к. Виктор Мерц айтты.  

«Бөрлі өзенінде ежелгі тұрақтарды зерттеп, бұрынғы жылқылардың сүйектерін таптық. Сүйектердің жылқыға тиесілі екенін палеозоологтар дәлелдемек. Қазіргі уақытта біз генетикалық зертетулердің нәтижелерін күтудеміз. Кейін жануарлардың үй жылқысы екені айғақталуы мүмкін. Олар шамамен біздің заманымызға дейінгі 5-ші мыңжылдықта жерленген, яғни, жылқы неолит кезеңінде қолға үйретілген», - дейді Виктор Карлович.

Талқылау барысында мұрағаттардың жұмысы қарастырылды. Енді кез-келген азамат мұрағаттық деректермен ашық таныса алады. Сонымен қатар, саладағы кадрлар тапшылығын жою мақсатында ПМУ базасында мұрағатшылар даярлау ісі жолға қойылмақ.