2018 жылдың сәуір айында PhD докторы, профессор Рам Виранджан С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің білім беруді интернационализациялау жөннідегі проректоры болып тағайындалды.

Жаңа проректорды тағайындау ісі Қазақстан Республикасы білім және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында мүмкін болды. Бағдарлама отандық жоғары оқу орындарының топ-менеджмент жүйесіне шетелдік мамандарды тартуға бағытталған.

Осы уақыт аралығында Р. Виранджан университеттердің өзге шетелді жоғары оқу орындарымен ынтымақтастық көкжиегін кеңейтуге атсалысты. Білім беру жүйесінде ғылыми жобалардың кеңесшілері мен дәріскерлер ретінде Үндістан, Швеция, Португалия, Болгария және Канада елдерінің жеті сарапшысы тартылды.

Сонымен қатар, Үндістан, Ресей және Испанияның бес университетімен оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің академиялық мобильдігі жөнінде байланыс орнатылды.

Р. Виранджан университетті интернационалдандыру стратегиясын әзірлеп, ғылыми және инновациялық жобаларды дамыту бағытында тиісті жұмыстарды қолға алды.

«Дизайн» және «Кескіндеме» мамандақтарының студенттері үшін ағылшын тіліндегі кейс пен білім беру бағдарламалары жасалды.

Еске сала кетсек, желтоқсан айында PhD докторы, профессор Рама Виранджанның университтегі еңбек келісімшартының мерзімі аяқталады. Алдағы уақытта кәсіби маман оқытушылар, қызметкерлер мен студенттердің академиялық алмасуы, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстардың жалғасын табуына атсалыспақ.