С. Торайғыров атындағы ПМУ орындаушылық өнер кафедрасының студенттері Бишкекте өткен «BISHKEK MUSIC GAMES» атты ІІІ музыкалық аспаптар орындаушыларының халықаралық байқауынан жеңіспен оралды.

Байқауда Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің үздік музыканттары бақтарын сынады. Қатысушылардың шеберлігін Қазақ ұлттық өнер академиясының сарапшылары, өнер майталмандары бағалады.

Байқау қатысушылары бойдағы өнерлерін ортаға салып, тырысып бақты. Университет студенттері қазылар алқасының көңілінен шықты. Олар қобыз, домбыра және фортепиано аспаптарында түрлі шығармаларды орындады. Жастар Евгений Брусиловский, Малғаждар Әубәкіров пен Сергей Рахманиновтың шығармаларын асқан шеберлікпен орындады.

Нәтижесінде Маржан Жұмабаева мен Аида Махамбетова қазылар алқасының шешімімен «Ұлттық аспаптар» аталымында үздік деп танылды. «Фортепиано» аталымында Валерия Романчикова жеңіске жетіп, І деңгейлі «Лауреат» атағына ие болды.