Павлодар мемлекеттік университетінің мәжіліс залында Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 125 жылдығына арналған «Өмірімнің уәдесі» атты поэтикалық кеш өтті.

Шараны «Arcobaleno» студенттік театры ұйымдастырды. «Ашық микрофон» форматында өткен кездесу барысында ақындық өнерге жақын жастар Сұлтанмахмұт Торайғыровтың мол мұрасымен таныса алды.

«Сұлтанмахмұт Торайғыров – дара тұлға. Дарынды ақын түрлі жанрда қалам тербеп, келер ұрпаққа мол мұрасын қалдырды. Біз оның романдары, поэмалары, мақалалары мен шығармаларын сүйіп оқимыз», - дейді «Рухани жаңғыру» институтының директоры Ержан Торайғыров.

Қазақ ақынының ұрпағы атасы Шаймардан Торайғыровтың араб тілінде жазылған күнделігі туралы әңгіме өрбітті. Қолжазбада Сұлтанмахмұт Торайғыровтың балалық шағы туралы айтылған.