С. Торайғыров атындағы ПМУ-де «Серпін» бағдарламасы бойынша оқып жатқан студенттер түлектер жәрмеңкесінде болашақ жұмыс берушілерімен кездесті.

Шараға Павлодар облысындағы шағын және орта бизнес ұйымдары, 35 кәсіпорынның сарапшылары мен жетекшілері қатысты. Олардың қатарында «ТНК Қазхром» АҚ, «Қазақстан Алюминийі» АҚ, «KSP Steel» ЖШС ПФ, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ, «Рубиком» ЖШС сияқты ірі кәсіпорындардың өкілдері болды.

Жастар жұмыс берушілермен кездесіп, мазалаған сұрақтарын қойды. Сонымен қатар, бос орындар туралы ақпараттар алды.

«Жәрмеңкеге 16 техникалық мамандық бойынша оқитын 267 студент қатысты. Кәсіпорын қызметкерлері жастардың түйіндемелерін іріктеп, әңгімелесу жүргізді. Жұмыс берушілердің тарапынан бос орындар жөнінде 197 өтініш түсті. Осы тектес шаралар тұрақты ұйымдастырылатын болады», - дейді тәжірибелер және жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Зинаида Женпейісова.

Бос орындар жәрмеңкелері жас мамандарды еңбекпен қамтуда аса маңызды.