С. Торайғыров атындағы Студенттер үйінде бірінші курс студенттері және студенттік актив өкілдерімен кездесу өтті.

Шара барысында Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы талқыланып, студенттерге мақаланың мақсат-міндеттері туралы ақпарат беру және жастардың шығармашылық әлеуетін дамытуға сеп болу.

Жиынға қатысқан азаматтар қазақ халқына тән рухани құныдықтарды қалыпқа келтіру, ата-бабаларымыздың салт-санасы туралы мәселелер қызықтырды.

«Рухани жаңғыру» институтының директоры Е. Торайғыровтың айтуынша, осындай кездесулер жас буын өкілдері арасында танымдық қызығушылық тудыруды көздейді. Сондықтан, шара ашық диалог форматында ұйымдастырылды. Студенттер өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.