С. Торайғыров атындағы ПМУ-де Шәкәрім Құдайбердиевтің 160 жылдық мерейтойына орай «Шәкәрім және қазақ руханияты» атты шығармашылық кеш өтті.

Мәдени шара барысында гуманитарлық-педагогикалық факультетінің «Мұрагер» шығармашылық бірлестігінің мұрындық болуымен «Абай және Шәкәрім» қойылымы сахналанды. Пьеса Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясынан алынған үзінді негізінде әзірленді. Көрермендер қойылым арқылы Шәкәрімнің болмысымен танысты.

Шығармашылық кешке мерейтой иесінің шөбересі Құралай Уақбаева қатысып, ата-бабасы туралы ой өрбітті.

- Шәкәрім Құдайбердиевпен танысу тұлғаның өмірбаянымен шектеліп жатады. Тұлғаның табиғи болмысын оның бай мұрасы тануға болады. Мәселен, шәкәрімнің лирикалық шығармалары арқылы адамның танымы, рухани жаңғыруы, ішкі еркіндікті сақтау сияқты мәселелерге қатысты салмақты ойлар айтылған», - дейді «Рухани жаңғыру» институтының директоры Ержан Торайғыров.