С. Торайғыров атындағы ПМУ агротехнологиялық факультетінің студенттері Германияда тәжірибеден өтті.

Тәжірибе алмасу DEULA – NIENBURG бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылды. Аттас орталық барлық ауыл шаруашылығы және бөлек кәсіпші-техникалық мамандықтар бойынша тәуелсіз және кәсіби оқыту мен біліктілікті арттыруға бағытталған.

Алты студент жетекші фермерлік шаруашылықтар мен мал шаруашылығы кешендерін аралады. Жастар төрт ай ішінде жаңашыл ауылшаруашылық техника мен құрал-жабдықтармен жұмыс істеуді үйреніп, мал, өсімдік шаруашылығы, топырақты өңдеу жәге агробизнесті жүргізу технологияларын меңгерді.

Зоотехнология, генетика және селекция кафедрасының студенті Әлия Тоқтасынова спорттық жылқы шаруашылығын таңдады.

«Фермадағы жұмыс барысында жылқыларды жаттықтыру, жануарларды күтіп-баптауды үйренуге мүмкіндік туды. Германиядағы тәжірибенің берері мол. Бұл – құнды тәжірибе», - дейді Ә. Тоқтасынова.

Еске сала кетсек, Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері DEULA – NIENBURG оқу орталығының базасында өндірістік тәжірибеден 2013 жылдан бері өтіп келеді.