19 қазанда С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Павлодар облысының экология және табиғат пайдалануының өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Негізгі экологиялық мәселелерді талқылап, шешу жолдарын Қазақста, Ресей және Швеция елдерінің ғалымдары мен сарапшылары талқылады.

Сонымен қатар, шараға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Дәурен Мақажанов, облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев, облыс бойынша экология департаментінің жетекшісі Данияр Әлиев, қоғамдық ұйым және аймақтағы өндірістік ошақтардың өкілдері қатысты.

Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова өз сөзінде Павлодар облысында жарияланған экология жылы ішінде жергілікті ғалымдар атқарған жұмыстардың негізгі аспектілеріне тоқталды.

«Аймақтың өнеркәсіптік, экономикалық қызметі шеңберінде табиғи жүйемізге келетін шектік жүктіліктің көлемін түсінуіміз керек. Өкінішке қарай, экологиялық және экономикалық текетірестерден қашып құтыла алмаймыз. Бұл тұрғыда мәселелерді өнеркәсіптік немесе экономикалық әдістермен жеке-жеке шешу мүмкін емес. Кешенді жұмыстар қажет», - дейді Г. Ахметова.

ЖОО ректоры билік, сарапшылар мен ғылым экологиялық басымдықтар тұрғысында бірлесіп еңбек ету керек.

Көрме барысында қонақтардың назарына С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті ғалымдарының ғылыми жобалары ұсынылды. Олардың қатарында электрэнергиясын өндіруге арналған өндірістік қалдықтардан жасалған жаяу жүргіншілер плиталарын пайдалану, күн батареялары негізіндегі автономды шамдар, жаңартылған органикалық материалдар негізінде брикеттеу жобалары.

Химик-ғалымдардың үлесі бір төбе. Олар қайта өңіделген пластиктен 3D-баспасы үшін полимерлі жіптер алу, сонымен қатар, қолданылған майларды қайта өңдеу жобаларын ұсынуда.

Конференция жұмысы алты секцияда жалғасын тапты. Шараға арналған ғылыми жинаққа 100-ге жуық мақала енді.