С. Торайғыров атындағы ПМУ агротехнологиялық факультетінің студенті Людмила Паршукова таеквандо бойынша Еуропа Кубогында өнер көрсетіп, қара белбеулер арасындағы жарыста (2 дан) хъенги бағдаламасы бойынша алтын медальге және арнайы техника бағдарламасы бойынша күміс медальге ие болды.

Байрақты бәсеке Арменияның Ереван қаласында өтті. Еліміздің намысын бес облыстың үздік спортшылары қорғады. Қазақстандық құрамадан басқа 21 мемлекеттің таеквандошылары қатыстып, тартысты ойны өрнегін көрсетті. Олардың қатарында Ресей, Армения, Норвегия, Болгария, Белорусь, Украина, Молдова елдері болды. Еуропа Кубогына барлығы 400 спортшы бақтарын сынады.

Айта кетейік, Л. Паршукова 18 жастан асқан спортшылар арасында жарысқа түсіп, командалық хъенги бағдарламасы бойынша Қазақстан әйелдер құрамасының қатарында енді. Жарысты екінші орынға ресейлік қыздар ие болды.