С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» халыққа Жолдауы кеңінен талқыланды.

Жиналған қауым алдында университет ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова сөз алды. Оның айтуынша, ЖОО өзіне тиесілі кәсіби тапсырмаларын шешіп, білім беру қызметтерінің сапасын арттырады.

Елбасы Жолдауында заман көшінен қалмай, бәсекеге қабілетті болуға қауқарлы мамандарды даярлау мен университеттердің жауапкершілігін арттыруға баса назара ударды.

Осы мысалдар отандық және шетелдік білім беру қызметі нарығындағы қазақстандық білім беру моделі халықаралық білім беру кеңістігінде орнын ойып алды деуге негіз бола алады. Бұл ұлттық білім беру жүйесінің беделін арттырады.

Павлодар мемлекеттік университеті Елбасы қойған тапсырмаларды кезең-кезеңмен жүзеге асыруда.

Павлодар мемлекеттік университеті әлемнің көптеген жетекші унивреситеттерімен серіктестік орнатып, отандық білім беру үрдісіне Швеция, Үндістан, Ұлыбритания, АҚШ, Түркия, Болгария және Хорватия мемлекеттерінің ғалымдарының тәжірибесін кеңінен қолдануда.

НПавлодар мемлекеттік университетінің студенттері еңбек нарығында өзекті мамандықтарды игеріп, дипломын алу мүмкіндігіне ие. 

Жолдауда түлектердің оқуды тәмамдағаннан соң олардың жұмысқа орналасуын қадағалап, нарықта сұранысқа ие болуын қамтамасыз ету керектігі туралы айтылды.

Айта кетейік, 2017 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ түлегінің табыс көлемі 20%-ға артты. 2017 жылы тәмамдаған жастардың 98 %-ы екі қолға бір күрек тапты.