Үндістандағы Харианы Сурендер ауыл шаруашылығы университетінің профессоры Кумар Данкар С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті агротехникалық факультетінің студенттеріне дәріс оқып, семинарлар өткізуде.

Профессор жұмыс сапары барысында облыстағы негізгі ауылшаруашылық нысандарын аралады. Олардың қатарында «Ақтоғай-агро» ЖШС, «Уразбаев» шаруа қожалығы, Павлодар жылыжай кешені бар. Үндістандық маман жылыжй кешеніндегі томаттар мен қиярды өсірудің голландық технологиясы мен көкөніс өсірудің ерешкеліктерімен танысты. Осылайша, екі елдегі ауыл шаруашылығын ғылыми тұрғыдан салыстыру мүмкіндігіне ие болды.

Сурендера Кумар Данкараның айтуынша, аумақтың көкөніс шаруашылығындағы әлеуеті зор. Павлодар облысының топырағы құнарлы, осындай жер Үндістанда жоқ.

ПМУ агротехнология кафедрасы мен ғалым келешекте серіктестік орнатуға уағдаласты.

«Біз ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің түрлерін көбейту, сұрыптарды сынақтан өткізу боуынша бірқатар халықаралық ғылыми-зерттеу жобаларын жүргізуді жоспарлап отырмыз. Суыққа беймделген үндістандық сұрыптарды Ертіс өңірнде сынақтан өткземіз, ал павлодарлық көкөністерді Үндістанда зерттейміз», - дейді б.ғ.к., қауымдастырылған профессор Виктор Камкин.

Қазіргі уақытта көкөніс түрлерін өсіру технологияларының тиімділігі бойынша салыстырмалы сараптама жасалып, бірлескен зерттеу нәтижелерін журналда жариялау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сарапшылар Үндістанда өтетін халықаралық ауыл шаруашылығы конференциясына қатыспақ.

Еске сала кетсек, шетелдік ғалымның жұмыс сапары 15 қазанға дейін жалғасын табады.