С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ұжымы 180-нен астам аға буын өкілін Қарттар күнімен құттықтады. Сый-құрметке ие болғандардың қатарында жоғары оқу орнының еңбек ардагерлері, зейнеткерлер болды.

Университет ректоры, филос.ғ.к,. Гаухар Ахметова жиналған ақуымды мерекемен құттықтап, игі тілектерін жаудырды.

Сонымен қатар, осындай жылы жүздесулер ұрпақтар сабақтастығының маңыздылығын паш етіп, ардагерлердің тынымсыз, адал еңбегінен тағылым алуға сеп болатынын жеткізді.

Жылы лебіздерге университеттің ардагерлер Кеңесінің төрайымы Раиса Мухамеджарқызы Мұстафина қосылды.

- Жиналған қауымды дана және салмақты азаматтардың төл мерекесімен құттықтаймын. Сіздер университетіміздің негізі қалаған шақта еңбек сіңірдіңіздер. Бүгінде университетіміз қарқынды дамып, талай белесті бағындырды. Ал біздің университетімізге қызмет етуге келген жас мамандар мен жетекшілер осы оқу орнынан түлеп ұшқан азаматтар екенін мақтанышпен айтамыз, - дейді раиса Мұстафина.

Қарттар күніне орай қарияларға материалдық көмек көрсетілді. Шара барысында ПМУ-дің шығармашылық ұжымдары концерттік бағдарламаларын ұсынды.