С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде үстіміздегі жылдың 24-29 қыркүйек аралығында басқару стратегиясы, халықаралық жобалар, кәсіпкерлік және коммерциаландыру саласын арқау еткен біліктілікті арттырудың халықаралық оқыту курстары өтуде. Шараға Брунель университетінің Бизнес-мектебінің профессоры Абрахам Алтонаян қатысуда.

Курстар университет базасында өтуде. 72 сағаттық курстарға қатысу формасы – күндізгі. Тең жартысы күндізгі болса, қалғаны сырттай формада өтуде. Оқыту шарасы шеңберіндегі тақырыптардың қатарында қаржыландырылатын ғылыми жұмыстарға қатысуға өтініштерді жасау, коммерциаландыру бойынша тиімді бастамалар бар.

Қатысушылар, сонымен қатар, оқыту барысындағы кәсіпкерлік мәдениеті, стратегиялық менеджмент мәселелерін меңгереді. Шарадан кейін қатысушыларға тиісті құжат беріледі.

Анықтама үшін: Инженер Исамбарт Брунельдің есімі берілген университет 1966 жылы ашылған. Британдық техникалық және ғылыми инновацияның символы, сондай-ақ, елдегі жоғары оқу орындары қатарында ғылыми зерттеулер қорытындысы, студенттерді тұратын жермен қамтамасыз ету бойынша жетекші орында.