С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетіне Астана қаласындағы АҚШ Елшілігі жанныдағы ағылшын тілі бағдарламаларының директоры, доктор Тимоти Коллинз ат басын тіреді.

Жұмыс сапарының мақсаты – шет тілдері оқытушыларын даярлау бойынша негізгі міндеттерді айқындау, үштілді оқыту мен заманауи жоғары мектепжаңартылған бағдарламалары бойынша оқыту мәселелерін анықтау.

Кездесу барысында С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова университет қызметінің негізгі бағдарламалары мен ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары туралы айтып берді. Сонымен қатар, аталмыш жобаны жүзеге асыру бойынша университет АҚШ-ның сарапшыларымен тәжірибе алмасқанын жеткізді.

Тимоти Коллинз өз сөзінде “English Language Fellow” жобасына тоқталып өтті. Білім беру жобасы аясында АҚШ-тан келген оқытушылар бір академиялық жылда жоғары оқу орындарында жұмыс істейді.

Т. Коллинздің айтуынша, былтырғы жылы 11 оқытушының екеуі Қазақстанда жұмыс істеген. Биыл олардың қатары бес маманға артпақ.

Америка азаматы жобаға қатысуға ниет еткендер арасында қатаң іріктеу жүргізілетінін жеткізіп, павлодарлық университеттің әріптестік орнатуға зор мүмкіндіктердің барын тілге ниек етті.