С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ғалымдары Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университетінің базасында өткен «Кәсіпкерлікті дамытудың теориясы мен практикасы: заманауи концепциялар, цифрлық технологиялар және тиімді жүйе» атты VI Халықаралық ғылыми конгресс жұмысына қатысты.

Шараға ресейлік және шетелдік ғалымдар, жетекші экономикалық жоғары оқу орындарының оқытушылары мен аспиранттары, ғылыми мекеме өкілдері, бизнес-қаумыдастық, мемлекеттік билік және қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты.

Конгресстің жұмысы қазіргі замандағы кәсіпкерлікті дамытудың маңызды факторлары мен оны тиімді басқару мәселелеріне арналды.

Шара шеңберінде мемлекеттік университеттің мемлекеттік басқару, бизнес және құқық факультетінің деканы, т.ғ.к. Тахир Эрназаров, қауымдастырылған профессор Алексей Титков және э.ғ.к,. қауымдастырылған профессор Сәуле Рахимова онлайн режимде баяндама жасап, кәсіпкерлік типтегі университеттің жұмысы мен қалыптасу қағидаттары туралы айтып берлі.

Еске сала кетсек, 2014 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ мен Ресей Федерациясы Үкіметінің жанындағы Қаржы университеті арасында меморандумға қол қойылды. Құжат негізінде профессорлық-оқытушылық құрамдары дәріс оқып, бірлескен ғылыми жұмыстарды әзірлеу қарастырылған. Сонымен қатар,  халықаралық ғылыми байқаулар мен жобаларға қатысу көзделген.