С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Scopusжәне Science Direct ақпараттық-сараптамалық жүйесімен жұмыс істеу бойынша тренинг өтті. Шараны «Ғылым қоры» АҚ Elsevier компаниясымен бірлесіп өткізді.

Elsevier – әлемдегі ең ірі төрт ғылыми баспа үйлерінің бірі. Компания жыл сайын әлемдегі барлық ғылыми журналдарда жарияланатын мақалалардың төрттен бір бөлігін басып шығарады.

Scopus және Science Direct –ғалымдар, оқытушылар мен студенттерге ғылымның барлық бағыттарындағы зерттеулерді сараптап, бақылауға мүмкіндік беретін компанияныңөнімдері. Платформаның жұмысы ғылыми зерттеулер  мен білім беру және оқыту үрдістерін сапасын арттыруды көздейді.

Ғылыми-зерттеу қызметін заманауи ақпараттық-сараптамалық тұрғыдан қамту және Elsevier ресурсын ғылыми жұмыс барысында қолдану туралы компанияның аймақтағы кеңесшісі Дина Шайхислам айтып берді.

Д. Шайхислам Science Direct толықмәтінді ақпараттар базасының артықшылары, сондай-ақ,  әлемдегі ең ірі Scopus ресурсының ғылыми жарияланымдардың рефераттық және сараптамалық базасының басымдықтарына тоқталды.  Маман авторлық профильдер мен өзге мүмкіндіктердің көмегімен қандай критерийлерге көңіл аудару, қажетті жарияланымдарды таңдау бойынша кеңес берді.

Шара қатысушылары қызықтырған сауалдарына тұшымды жауаптарын алды.