С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің стадионында студенттер арасында жеңіл атлетикадан көктемгі жүгіріс өтті.

300 спортшының 95-сі – қыздар. Қыздар 800 метрлік, ал ер азаматтар 1 шақырымдық қашықтыққа жүгірді. 

Спорт мерекесі жаңбырлы ауа райына қарамастан ұйымдастырылды. Студенттер көңіл-күйлерін көтеріп, салауатты өмір салтын насихаттады. 

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды. Ерлер арасында Дәулет Шамшиден (МШӨӨТ-201) үздік атанса, қыздар арасындағы желаяқ - Дарья Костеренко (Эн-102).

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жаппай спорттық шаралар дене шынықтыру мен спортты дамытумен қатар, салауатты өмір салтын ұстануға шақырады. Осыған орай «Сұңқар» спорт клубының жетекшілігі мен дене шынықтыру және спорт кафедрасы жеңіл атлетикалық жүгірістер дәстүрге айналдыруды көздейді.