С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету бойынша республикалық олимпиада өтті.

Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 14 команда ПМУ-де бас қосып, үздік атануға тырысып бақты. 

Қатысушылар алдында сөз алған университет ректоры Гаухар Ахметова «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде ІТ саласының қарыштап дамуына алғашқы қадамдар жасалып жатқанын тілге тиек етті. 

«Сіздер - еліміздің ІТ саласындағы білім берудің жаңа парадигмасын қалыпастыратын бетке ұстар жастарысыздар. Мемлекетіміздің ғана емес, әлемнің ІТ саласындағы білім берудің  қалыптастыратын мамандарсыздар», - дейді Г. Ахметова.

Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. Олег Потапенконың айтуынша, бұл олимпиада бұрынғыдан өзгерек. 

«Негізгі артықшылығы – студенттердің тапсырмаларына андроид студия, яғни мобильді құрылғы ақылы бағдарламалау енгізілді», - дейді О. Потапенко.

Олимпиада қорытындысы бойынша жоғары нәтижелерге Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің командасы қол жеткізді. Астаналық құрама жалпыкомандалқы есепте бірінші орынға ие болды. 

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің өклідері екінші орын тұғырынан көрінді. Ал Алматы энергетика және байланыс университетінің командасына үшінші орын бұйырды.