С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің студенттері бірнеше мамандық бойынша өткен республикалық пәндік олимпиададан жеңіспен оралды.
Әл-Фараби атындағы Ұлттық университетінің базасында өткен олимпиадада ПМУ география және туризм кафедрасының намысын Маржан Болкен, Зател Хымбатай және Мадина Ұшақбаева қорғады. Қауымдастырылған профессор Шынар Қайырова жетекшілік еткен топ жиналған ұпай саны бойынша ІІ-ші орынға ие болды. Жеке есепте Зател Хымбатай да ІІ-ші орын тұғырынан көрінді.
«Мәдениеттану» мамандығы бойынша қауымдастырылған профессор Анар Уызбаеваның шәкірттері Әлібек Қабылда, Жәмилә Сүлейменова, Айдана Зада, Баянбек Жасұлан, Альфия Ақтай және Салтанат Тайжанова екінші орындарға ие болды.
Болашақ тіл мамандары, ф.ғ.д, профессор Нартай Жүсіповтің шәкірттері Үміт Амринова, Әсем Алтынбек және Ахмет Ахмади Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен команалық есепте екінші орын иегерлері атанды.
Шет тілдері бойынша Л. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен зияткерлік сайыста университетіміздің шет тілдері кафедрасының студенттері Тимур Ескендір неміс тілі бойынша, ал Садық Жалғасқан француз тілі бойынша күміс жүлделерге ие болды.
Республикалық білім жарысына үш бағыт бойынша білімдерін ортаға салған химия және химиялық технологиялар кафедрасының студенттері де марапаттармен оралды.
«Химия» мамандығы бойынша оқытушы Әсия Касанованың шәкірттері жалпыкомандалық есепте ІІ-ші орын тұғырынан көрінсе, жеке есепте Әл-Фараби Көпжасар ІІ-ші орынға ие болды.
«Органикалық хаттардың химиялық технологиясы» бағыты бойынша Ж. Сүйіндіковаға үшінші орын бұйырды (жетекшісі PhD докторы Гүлзат Айтқалиева).
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде «Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы» мамандығы бойынша өткен байрақты бәсекеде х.ғ.к София Масақбаеваның командасы ІІІ-ші орынмен оралды. А. Копытова, В. Постолова және И. Жұмабай жеке есепте жеңімпаз атанды.