С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры филос.ғ. к. Гаухар Ахметова университет ұжымына халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Рам Виранджанды таныстырды.

PhD докторы, профессор Рам Виранджан Үндістанның жетекші жоғары оқу орындарының бірі -  Курукшетр универитетінің бейнелеу өнері кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. 

Жаңа проректордың тоғыз ай бойы атқаратын жұмысы Павлодар мемлекеттік университетіне Үндістан, Пәкістан, Шри-Ланка, Бангладеш және Қытай елдерінен студенттер мен талапкерлерді тартуға бағытталады. 

Жаңа проректор жоғары оқу орындарының топ-менеджментіне шетелдік мамандарды тартуды мақсат ететін Қазақстан Республикасының 2016-2019 жылдарға арналған білім және ғылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде тағайындалды.