С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде «Қоғамдық сананы жаңғырту концепциясы үрдісіндегі шетел филологиясы мен лингводидактикасының өзекті мәселелері: көптілді білім беру қағидаттары» атты VI халықаралық ғылыми-әдістемелік семинары өтті.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберіндегі шараны мемлекеттік университеттің шет тілдері кафедрасы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультетімен бірлесіп ұйымдастырды. 

Семинарға С. Торайғыров атындағы ПМУ-дің даму стратегиясы, тәрбие және әлеуметтік жұмыс жөніндегі проректоры, саясаттану ғылымдарының докторы Арман Ақышев модераторлық етті. Шара жұмысына Қазақстан, Қырғызстан, Испания және Германия елдерінің халықаралық сарапшы-мамандары, лингводидакттары мен филологтары, сонымен қатар, жоғары оқу орындары мен колледж оқытушылары, мектеп және лицейлердің ұстаздары қатысты. 

Кездесу барысында сарапшылар заманауи көптілді білім беру, ифофилологиялық зерттеулердің жаңа трендтері, цифрландыру және шет ілдерін оқытудағы ІТ-технологияларды енгізу мәселелеріне баса назар аударды. 

Семинар аясында когнитивті-коммуникациялық технологияларды қолдану бойынша шеберлік сағаты өткізілді. Сонымен қатар, ұлттық мәдениеттің негізгі тетігі болып табылатын қазақ тіліне арналған дөңгелек үстел барысында мультилингвальді сөздіктің тұсауы кесілді.