С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде ТОМ: Kazakhstan атты 72 сағаттық мараофн басталды. Шара барысында шеберлер мүмкіндігі шектеулі азаматтармен бірлесіп, мүгедектердің күнделікті тұрмыстық мәселелерін шешуге бағытталған прототиптер жасады.

Жоба «Қазақстан Респубилкасындағы Тель-Авив университеті достарының қауымдастығы», Павлодар облысы әкімдігі мен С. Торайғыров атындағы ПМУ-нің қолдауымен жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, ERG (Еуразиялық Топ), «КЭЗ» АҚ қолдау білдіруде. 

Барлығы 10 команда қатысады, бұл Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған 50 өнертапқыш. Олардың қатарында студенттер, оқытушылар, медицина қызметкерлері, инженерлер, роботехниктер, ІТ және өзге мамандар. Командалар 10 мүмкіндігі шектеулі жанның проблемасын шешуді көздейді. 

Мейкатонның мақсаты – мүмкіндігі шектеулі азаматтарға көмектесу үшін бағасы қолжетімді әрі пайдалы өнім жасау, сонымен қатар, бұл пайдалы өнімді кейінгі уақытта жаппай өндіруге мүмкіндік туғызатын прототип дайындау. Мейкатонның ерекшелігі сол, прототиптерді жасау барысында инженерлерге мүмкіндігі шектеулі адамдар өздері көмектесіп, бұл құралдар олардың күнделікті тірлігін жақсарту үшін жасалады. Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесі ретінде бұл прототиптер пайдалы әрі қолжетімді құралдарға айналады, ал мейкерлер командасы табысты стаптап-жобасы бар әлеуметтік кәсіпкерлерге айналады.

Марафон қонақтарын Павлодар облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың басшысы Наталья Нефедова мен TOM GLOBAL төрағасы Лекса Лев қарсы алып, алғы сөз айтты.

С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекетік университетінің ғылыми жұмыс және инновация жөніндегі проректоры, б.ғ.д, профессор Нұрлан Ержанов ТОМ: Kazakhstan марафонының оқу орнының қабырғасында өтіп жатқаны айтулы оқиға екенін тілге тиек етті. Ол бұл бастамалар табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірді. 

Қазақстан Респубилкасындағы Тель-Авив университеті достарының қауымдастығының вице-президенті Сания Арапованың айтуынша, бұрындары жұмыс қозғалыс аппараты зақымданған азаматтарға көмектесі бойынша жүргізілсе, бүгінгі күні есту қабілеті бұзылған адамдардың да мәселелері шешіле бастады. Осы марафонда емйкерлер күрделі жобаларды қолға алған. 

Бұл қарапайым 72 сағаттық марафон емес, бұл шеберлерге қолайлы жағдайлар жасалып, құрал-жабдықтармен толық қамту мүмкіндігі бар ауқымды шара. Қуантарлығы, оларға мүмкіндігі шектеулі азаматтар да сатсалысады», - дейді ол. 

Ұсынылған өнертабыстардың қатарында сурдо-ақпаратты дауыстап жеткізе алатын «Ақылды қолғап», «Көзі көрмейтін және көру қабілеті нашар адамдарға арналған белбеу-навигатор», «Тірек-қозғалыс аппараты бұзылған адамдардың аяқ бұлшықеттерін жаттықтыруға арналған емдік тренажер», «Тифломаркерлер» және тағы басқа идеялар бар.

Еске салак етейік, 9 сәуірде жобалардың тұсаукесері мен мейкаонның жабылу салтанаты өтеді.