С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің факультеттері Наурыз мерекесін атап өтті.

Металлургия, машина жасау және көлік факультетінің студенттері музыкалық-театрландырылған қойылым әзірледі. Шығармашылық кеш әнші, бишілер мен халық өнері майталмандарының тартуларымен үйлесім тапты. 

 «Бірлік» студенттік Ассамблеясы мен Қазақстан халқы Ассамблеясы кафедрасының өкілдері көктем мерекесіндегі дастархан жайында әңгіме өрбітті. 

Гуманитарлы-педагогикалық факультетінің ғалымдар қауымы Наурыз мерекесінің тарихын мәдениеттану, филология және философиялық жағынан қызу талқылады. 

Қазақстан этностарының ұлттық тағамдары биылғы жылы мерекелік дастарханның көркіне көрік қосты. Меймандар татар халқының чак-чагы мен учпочмагын, шешен халқының хворостын мен корей халқының кадюри тағамынан дәм татты. 

Сонымен қатар, «Асық» ұлттық ойыны бойынша шеберлік сағаттары ұйымдастырылды.