С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа арнаған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасының» басымдықтарын талқылауға арналған жиын өтті.

Жиналған қауым алдында сөз алған С. Торайғыров атындағы ПМУ ректоры, филос.ғ.к. Гаухар Ахметова «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» үшінші бастамасы жоғары оқу орны үшін маңызы зор екенін тілге тиек етті. 

Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 20 мың білім гранты бөлінеді. Олардың 11 мыңы техникалық мамандықтардың бакалаврларына арналған. Сәйкесінше, еңбек нарығына қажет инженерлер, ақпараттық технологиялар, робототехника, нанотехнологиялар және өзге салалардағы мамандар тапшылығы даярланады. 

Сонымен қатар, студенттердің білім алу және тұру жағдайлары бөлек мәселе ретінде қарастырылды.

«Бұл қазақстандық жоғары оқу орындарын түсіп, білім беру бағдарламаларының өзгеруі жағдайында оқығысы келетін студенттер үшін қолайлы жағдай туғызбақ. Білім беру үрдісі, сонымен қатар, болашақ жұмыс берушілердің пікірі ескеріледі», - дейді Г. Ахметова. 

Университет ректоры еліміздегі демографиялық жағдайдың жақсаруы талапкерлер мен студенттер қатарының артуына оң септігін тигізетінін жеткізді. Сол себепті жатақхана салып, орындардың қатарын арттыру жергілікті халық үшін ғана емес, Ресей және Қытайдың шекарала өңірлерінен келетін жастар үшін аса маңызды.