Белорус мемлекеттік технологиялық университетінің делегациясы (Минск қ.) С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде жұмыс сапарымен келіп кетті. Шетелдік жоғары оқу орны өкілдерінің құрамында университеттің бірінші проректоры, а/ш.ғ.д, профессор Александр Цыганов және химиялық технологиялар және техника факультетінің деканы, т.ғ.к. Юрий Климоша болды.

Бұған дейін жасалған келісім негізінде қос университет өкілдері болашаққа межеленген жоспарларды талқылап, ортақ жұмыстарын анықтады. 

Екі тарап химия, химиялық технологиялар, биотехнология, фармация және өнеркәсіптік экология бағыттары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеу жөнінде келісті. 

Сонымен қатар, мемлекетаралық қарым-қатынас шеңберінде бірлескен ғылыми гранттар мүмкіндіктері қарастырылды. 

Кездесу барысында меймандарға таныстыру экскурсиясы ұсынылды. Қонақтар Ә.Марғұлан атындағы ғылыми орталығының көпжылғы зерттеулерлерінің нәтижелерімен танысып, сирек кездесетін кітаптар қорында болды. Сонымен қатар, халықаралық стартап-академиясының жұмысын тамашалады.