С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің гуманитарлы-педагогикалық факультетінде «Төртінші өнеркәсіптік революциясы жағдайында жаңа формациядағы қазақстандықты тәрбиелеу» семираты өтті.
Шара ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революцияжағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын түсіндіру шеңберінде ұйымдастырылды.
Жиналған қауымның алдында гуманитарлы-педагогикалық факультетінің деканы, саяси ғылымдарының кандидаты Әмірғалы Бегімбетов сөз алды. Мемлекет басшысы Жолдауда атап өткендей, біздің қоғам үшін үлгі тұтар азамат тарихын, тілін, мәдениетін білумен қатар, өзге шетел тілдерін меңгерген және ғаламдық көзқарастары бар адам болуы керек.
С. Торайғыров атындағы ПМУ-де көп тілде білім беру бағдарламасы 2012 жылдан бері жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, университет базасында Көптілді білім беру орталығы жұмыс істейді. Мекеме оқу-әдістемелік құралдармен толық қамтылған.
2017 жылы ағылшын тілінде оқулықтар мен оқу құралдары басылып шықты. Оның ішінде білім беру бағдарламаларының электронды нұсқадағы кешенді-тілдік модельдері әзірленіп жатыр. Жыл сайын университеттің бакалавриаты мен магистратурасындағы үш тілде даярланатын мамандықтардың қатары артуда.
Айта кетейік, жоғары оқу орнында халықаралық талаптар мен цифрлық машықтарға сай оқу бағдарламалары мен пәндердің кешені әзірленген.
Магситратураның МФил-22н тобының екінші курс магистранты Элина Паули адами капитал – қоғам мен экономика дамуының тиімді факторларының бірі.
«Бұрын біз бір жерде 40-50 жыл еңбек етіп, өмір бойы білім алдық. Ал бүгінгі таңда өмір сүре отырып білім алу керекпіз. Біз білім алу үрдісін бір сәтке де үзбеу керекпіз. Бұған әлеуметтік жағдай мен жас әсер етпеу керек», - дейді Элина Паули.