С.Торайғыров атындағы ПМУ-ге М.Т.Калашников атындағы Ижев мемлекеттік техникалық университетінің оқу ісі жəне халықаралық қызмет жөніндегі проректоры, т.ғ.к, доцент Александр Губерт, мемлекеттік білім беру жəне ынтымақтастық басқармасының басшысы, т.ғ.к, доцент Алексей Рябчиков бастап келген делегаттар келді. Ресейлік əріптестердің келудегі мақсаты екі университеттер арасындағы академиялық, білім беру жəне мəдени байланыстарды дамыту болды.

Кездесу археологиялық музейдің жəдігерлерімен танысу мен халықаралық стартап академиясы жұмысын көруден басталды. Меймандар сирек кездесетін кітаптар қорында болды. Қонақтар электр энергетикасы, мұнай-химия, металлургия, машина жасау жəне көлік бағыттарындағы зертханадарға қызығушылық танытты.

Кездесу барысында болашаққа жоспардар жасалып, ғылыми-білім беру байланыстары орнатылды. Докторантура, қашықтықтан оқыту, оқытушылар мен студенттердің аквдемиялық алмасуы туралы талқыланды. Қос тарап энергетика (электр энергиясын жаңарту жəне автоматты релейлі қорғау) жəне машина жасау (термодинамика, кесу құралдары жəне металлургиялық қалдықтарын қайта өңдеу) салаларында байланыс орнатуға уағдаласты.