С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті колледжінің студенті Ілияс Қанат əкесі Есен Жүсіпбаевпен бірге «Зерттелмеген Баянауыл» атты фотокөрмесін ұсынды. Д.Багаев мұражай-үйінде 50-ден астам туындының тұсауы кесілді. 

17 жасар Ілияс «Электр станциялары мен желілерінің электр жабдықтары» мамандығы бойынша оқиды, оның əкесі Есен Жүсіпбаев – ауылдық мəдениет үйінің меңгерушісі.

Əуесқой фотосуретшілер Баянауыл өңірінің сұлу табиғатын ауыл тұрғынының көзімен көрсетуді мақсат тұтты. Олар - Баянауыл ауданына қарасты Қаражар ауылының тумалары.

Авторлар туған өлкенің келбетін туристер байқай қоймайтын тұстан көрсете білді.

Көрме өлкетанушылао, тарихшылар мен сарапшылардың басын қосты.

Экспозиция 28 ақпанға дейін жалғасады.

 

Фото
Николай Мохирев