Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология жəне инжиниринг университетінің делегациясы С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде болып қайтты. Кездесу шеңберінде білім беру жəне ғылым салаларындағы серіктестік жөнінде меморандумға қол қойылды.

Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология жəне инжиниринг университетінің ректоры Берік Ахметовтың айтуынша, кездесудегі негізгі мақсат - университеттер арасындағы байланысты нығайту.

Жоғары оқу орнының басшысы Павлодар мемлекеттік университеті Қазақстанның көпсалалы дамыған оқу орындарының бірі екенін тілге тиек етіп, білім беру бағдарламалары, ғылыми жұмыс пен кəсіпкерлік негіздері бойынша мықты екенін жеткізді.

Меймандарға арналған танысу экскурсия барысында делегаттар археологиялық музейдің жəдігерлерімен танысып, минералды ресурстар көрмесін тамашалады. Сонымен қатар, халықаралық стартап академиясының жұмысымен танысты. Қонақтар мұнай-химия, арготехнологиялар жəне электр энергетикасы зертханаларына қызықты. 

С.Торайғыров атындағы ПМУ ректоры Гаухар Ахметова кездесуді қорытындай келе:

«Келісім бойынша энергетика, көліктік техника, биология докторантуралары бойынша ортақ тұстарды нақтыладық. Магистратура, Ақтау қаласындағы кəсіпорындарда ішкі академиялық мобильділік бойынша ортақ бағдарламалар. Əзербайжан, Ресей жəне Қазақстан университеттері форматындағы Эразмус бағдарламалары шеңберінде ғылыми жобалар бойынша ұзақмерзімді перспективаларды белгіледік».