С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің кинотеатрында «Кино –тарихи дереккөз» деген атаумен кинорежиссер, сценарийст, КСРОның халық әртісі Леонид Гайдайдың (1923-1993) туғанына 95 жыл толуына арналған мемориалдық кеш өтті.

Шығармашылық жылдарында Леонид Гайдайдың әлемдік классиктер қатарына енген жиырмадан астам еңбектері жарияланды. Олардың арасында И.Ильф және Е. Петровтың классикалық шығармаларының экрандық нұсқалары, М. Булгаков, М. Зощенко және Н.Гогольдың классикалық шығармалары бар. 

Іс-шара барысында режиссердің  басты назарға алған туындылары : «Кавказдық тұтқын немесе Шуриканың жаңа авантюрлері», «Ит Барбос пен ерекше кросс», «Дерибасовкадағы жақсы ауа-райында немесе Брайтон-Бичте қайтадан жаңбыр жауады» және тағы басқалары. 

Фильм сарапшылары түрлі дәуірлерден (1970-шы жылдардан бастап) бас кейіпкерлердің идеалдары мен мақсаттарын айқындай отырып, кино таспаларының айырмашылықтарын және ортақ ерекшеліктері мен олардың қарым-қатынастарын анықтайтын салыстырмалы талдау жүргізді.

Кеш соңы жастардың  диалогымен ұласты. Сонымен қатар, студенттер қауымы әйгілі фильмді көре отырып, кеңес киносы мен социалистік кезең туралы өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды.